№25 Красноярка
орта мектебінде 1- маусым
күні мектеп жанында «Достық» сауықтыру лагерінің
ашылуы болды. Сауықтыру лагерінің
ашылуына мектеп оқушылары, ата-аналар және арнайы шақырылған
ауыл әкімі Сағынтаев М.С және
«Астана-Өнім» акционерлік қоғамының директоры Әбдіхалықов Ғ.К
қатысты. Лагердің ашылуы
1-маусым Халықаралық балаларды
қорғау күніне арналған іс –шарамен
жалғасты. «Бала деген бір бақыт»
атты концерттік бағдарлама болып және
«Әрқашан күн сөнбесін!»
тақырыбында сурет сайысы
өтті. Балаларға «Астана-Өнім»
акционерлік қоғамының әкелген
сыйлықтары табыс етілді. Сонымен бірге
«Салем», «Лаззат»
дүкендерінің әкелген тәттілерін
жеп балалар мәз
болды.Мүгедек балалар Жоламан
Е, Абекеев И және Аксенов Валериге де сыйлықтар
берілді.