Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
аясында «Тәрбие және білім кіші бағдарламасының, Отаным- тағдырым базалық
жүзеге асыру»мақсатында №25 Красноярка орта мектебінде «Сөз-тілдің көркі» атты
Аудандық семинар өткізілді. Семинарға барлық мектептерден ұлағатты ұстаздар
және Целиноград аудандық білім бөлімінен
Айткүл Аманжолқызы келіп, семинардың өте жақсы және жоғары деңгейде өткені
жайлы айтып, оқушыларды, ұстаздарды мақтау қағазымен марапаттады.
Семинарды
өткізген мақсатымыз: «Тіл тазалығын сақтау,мәдениетті сөйлеу, ана тіліне
сүйіспеншілігін қалыптастыру,мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға
шақыру.Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін ояту, үш тілдік
саясатты дамыту.Осы мақсатта барлық өткізген іс-шараларымыз өз деңгейінде өтті.
Атап айтсақ, сыныптан тыс сабақ 5 «А» сыныбында «Жас режисерлер» тыңдалым
дағдысы бойынша фильм құрастыру түрінде өте жоғары дәрежеде өтті. Өткізген
мектеп тренері Тулебаева Н.К.; Сынып сағаты 5 «Б» сыныбында «Бүкіл әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде»
Кабдалова К.К . өткізді. Сыныптан тыс шара 5-6 сынып оқушылары және ата-аналармен
бірге Сулейменова А.С. және Газизова
Г.Б. өте жақсы және қызықты өткізді. Сынып сағаты «Сила нашего слова»11 «Б»
сыныбында мектеп психологы Ибраева С.Т.
өткізді. 8-10сынып аралығында «Үш тілділік жаңа заман сұранысы»тақырыбында
пікір сайысты өткізген Танырбергенова Р.Б. мұғалімдердің қатысуымен өте жоғары
деңгейде өтті.