Текст
22.09.2021
Жарлыкөл жалпы орта мектебінде,22 қыркүйек күні "Ұлы даланың Ұлы ұстазы" танымдық сағаты өтті. Мақсаты: Ы. Алтынсариннің өмірімен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру. Әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Танымдық сағат 6-сыныпта өтті Өткізген Абақаева С С
21.09.2021
Жарлыкөл жалпы орта мектебінде ,20 қыркүйек күні Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған онкүндіктің ашылуы болды.Ашылуда мектеп басшысы Жакупов Е.Ж Ұлы ұстаздың өмірін үлгі тұтып ,сөз сөйледі.Мектебімізде өтетін онкүндіктің жоспарымен оқушылар, ұстаздар қауымы танысып шықты.Онкүндік шымылдығы бастауыш сынып оқушыларының Ы. Алтынсариннің " Кел ,балалар,оқылық" өлеңімен бастау алды.Сондай-ақ ашылудан кейін кітапханашы оқушыларды Ұлы ұстазға арналған көрмеге шақырып, шығармашылығымен таныстырды.
17.09.2021
Жарлыкөл орта мектебінде көшеде жүру тәртібіне байланысты сынып сағаттарын беру жалғасуда
09.09.2021
Жарлыкөл ауылы ЖОББ мектебі бойынша Жаңа оқу жылы қарсанында «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жарлыкөл ауылының ЖОББ мектебі » КММ- де «Мектепке жол» республикалық акциясы бастау алды.
«БЕКІТЕМІН»
Мектеп директоры:
__________________
Жакупов Е.Ж
«___»________2021 ж
Жарлыкөл ауылы ЖОББ мектебі бойынша
Жаңа оқу жылы қарсанында «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жарлыкөл ауылының ...
15.06.2021
Жарлыкөл орта мектебінде 15 маусым Достық лагерьінің 1 сезонының жабылуы өтті. Мектеп директоры сөз сөйлеп оқушыларды құттықтап шағын сыйлықтарды табыс етті
04.05.2021
28 сәуір күні Жарлыкөл ауылының командасы Аудандық робототехника сайысынан "Кегельринг квадро" санаты бойынша бас жүлдені жеңіп алды
27.04.2021
Бала табиғатын тану,оны түсіну, жөнімен еркелету, шынайы қарым-қатынас құру, оның бойындағы бар ерекшеліктерді көре біліп, қабілетін дамыту, ұрпағының ертеңі үшін аландайтын парасатты ата-ананың игілікті іс -әрекеті. Қазіргі ата -ананың өз перзентіне көз-қарасын зерттеп анықтау мақсатында Жарлыкөл жалпы білім беретін орта мектебінің " Жас Ұлан" дебат клуб мүшелерінің арасында "Ата-ананың балаға деген көзқарасы" қарары бойынша дебат ойыны өткізілді. Дебат ойының бас төрешісі ағылшын пәнінің мұғалімі, Нұр-Сұлтан қаласының студенттер арасындағы үздік спикердің бірі Харагиз Ақбота ойын соңында Парламент пен Оппозиция командаларының кеткен қатерлерін түзеп, өз ұсыныстарын айтты.....
13.04.2021
Жарлыкөл жалпы орта мектебінде 12сәуір Ғарышкерлер күніне өткізілген 1"б" сыныбының сынып сағаты. Сынып жетекшісі Байрлина Қ.И
11.04.2021
Жарлыкөл жалпы орта мектебінде 12сәуір Ғарышкерлер күніне арналып 1-6сыныптар арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды.
12.02.2021
Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыс барлық санитарлық талаптарға сай болды.