Текст
" />
19.11.2021
Жарлыкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде "Оқуға құштар мектеп" кітап оқуды дәріптеуге арналған жоба аясында сыныпта ызыңдап және дауыстап кітап оқу.
19.11.2021
Жарлыкөл орта мектебінде 8-11 сынып қыз балаларымен "Қыз Жібек" клубының өткізген "Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны атты әңгіме өткізілді. Мақсаты: Әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беру.
19.11.2021
Жарлыкөл жалпы орта мектебінде "Жарқын болашақ" клубының жас ұстаздармен бірге "Қаншалықты біздің мектепте жағдай жасалған" тақырыбында дебат пікірталас өтті. Ұйымдастырушы дебат жетекшісі Тулебаева Н.К
19.11.2021
1 “А” сыныбында “Күз-мереке, күз-береке” тақырыбында сыныптан тыс сабақ өтті. Оқушылар өлең оқып, ән айтып, би билеп, күз мезгілінің тамаша көрінісімен танысты. Сынып жетекшісі: Макуова М. Т.
19.11.2021
2"А"және 3"А"сыныптарының күз мерекесіне арналған сынып сағаттарынан көрініс.
24.09.2021
2 "б" сыныбындағы сынып сағаты.Мақсаты: Оқушыларды Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсаринмен, оның шығармашылығымен таныстыру. Педагогикалық іс-әрекеттің түсініктерін және білім алудың маңыздылығын қалыптастыру. Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, білімге ұмтылу. Сынып жетекшісі Баирлина К. И
24.09.2021
1б сыныбында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған сынып сағаты өткізілді, онда оқушылар Алтынсариннің қысқаша өмірбаянымен танысып, оның "Әке мен ұл" әңгімесінің қойылымына қатысты.
24.09.2021
6-сыныпта Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығы туралы ауызша журнал өтті. Мақсаты: Оқушылардың ағартушы мұғалімнің шығармашылығына деген қызығушылығын ояту.Сынып жетекшісі Иманбаева Ш. Т өткізді
23.09.2021
23.09 Жарлыкөл жалпы орта мектебінде Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсаринге арналған сынып сағаттар өтті. 5-"Б" орыс сыныбында " Великий учитель степи" тақырыбында сынып сағатын сынып жетекші Кабдалова К.К өткізді.Мақсаты: Ұлы ұстаздың шығармашылығымен, өсиет өнеге сөздерімен таныстыру.Оқушылар сынып сағатынан көп мәлімет алып, Ыбырай Алтынсариннің " Байлы баласы мен жарлы баласы" әңгімесі бойынша мультфильм көрді.
23.09.2021
23.09 күні Жарлыкөл жалпы орта мектебінде "Кел , балалар, оқылық" атты тақырыппен 4-А сыныбында сынып сағаты өтті.Мақсаты: Оқушыларды білім алуға шақыру, Ыбырай аталарының үлгі-өсиетінің мән мағынасын ұғындыру.Сынып оқушылары мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырды.Өткізген Бекешева Б.Қ