Текст
Білімді ұрпақ-ел болашағы. Сондықтан да жас ұрпаққа сапалы білім беруге білім ұялары жауакершілікпен қарайтыны анық.Осы тұрғыда мектеп ұстаздары оқушылардың білім сапасын арттыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында нәтижелі еңбек етуде.Қажымұқан ауылының ЖОББМ мектебінде “Оқу үдерісін басқару -бағалауды дұрыс ұйымдастыру” тақырыбында өткен облыстық семинарда жетекші мектеп ретінде мектебіміздің зерттеуші ұстаздары Тулебаева Нургуль Койшиновна ,Танырбергенова Рәзия Бейсенбековна өз тәжірибелерімен бөлісті. Ұстаздар “Кері байланыс-бағалаудың ажырамас бөлігі” көрмеге белсенді қатысып, сабақтағы сындарлы кері байланыстың тиімді жолдарына тоқталды.