"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жарлыкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Жарлыколь отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлеуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Таза Қазақстан» жалпы ұлттық экологиялық акциясы

06.05.2024

Дана қазақта «Бір жылыңды ойласаң егін ек, жүз жылыңды ойласаң, ағаш отырғыз» деген нақыл сөз бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осыдан біраз жыл бұрын, бес жыл ішінде 2 миллиард түп ағаш отырғызу жайлы айтқан еді. Еліміздегі орман  алқаптарының көрсеткіші тек 4,8 пайыз ғана екендігін ескерер болсақ, ағаш отырғызудың кең байтақ жері бар Отанымыз үшін өте маңызды екенін айтпаса да түсінікті болар. «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» дегендей,осы бір сауапты іс қазірде  тіптен қарқын алуда . Оған себеп- елімізде  Президенттің пәрменімен  «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық экологиялық акциясы  екпіндете  жүруде. Еліміздегі сенбілікті  серпінді түрде  өткізіп жатқан  саналы халық санынында есеп жоқ. Аула, көшелердегі қоқыстар тазартылып, елді мекендеріміз жарқырай түсуде. Оған айғақ- ауданымыздың түкпір-түкіпіріндегі өтіп жатқан  сенбіліктегі игілікті істерді мысал етсек те жетер. Аудан мектептерінің ішінде  Жарлыкөл мектебі де бұл игілікті істен қалыспақ емес. Биылғы жылы аталмыш акция жарияланысымен , мектеп ұстаздары «Қамқоршылық кеңес» және ата-аналар комитетімен бірлесе «Бір сынып-бір түп ағаш» ақциясын бастап кетті. Қазіргі таңда, әр мектеп түлегі мектеп ауласындағы түлектер аллеясына өз ағаштарын отырғызып, ауылымыздың көгалдануына сүбелі үлес қосуда. Әр сыныптан әкеліп отырғызып жатқан көшеттер мектеп ауласына кіре берістен –ақ, көздің жауын алады. 
Ұлттық мүдде
🔹 Қазақстанның оңтайлы имиджін қалыптастыруға белсенді үлес қосу
Ар-ұят
🔹Сөзіне берік,ісіне адал болу
Талап
🔹Физикалық белсенді болу

 

Просмотров: 2730


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст