Текст
Мектебімізде 5-7 сынып оқушыларымен "Балаларды оқытудағы қызықтыру" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға мектеп мұғалімдері де қатысты. Оқушылар өз ойын ашық айтып, оқытуда қолдануға болатын амалдарды, өздері нені қалайтынын айтты. Мектеп әкімшілігі алдағы уақытта оқушылардың оқуға деген зейіні одан сайын жоғарылайды деген үмітте.