"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жарлыкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Жарлыколь отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлеуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Облыстық семинар

17.05.2023

Мектебімізде ұстаздар арасында оқыту семинары болды. Семинар мазмұны педагогикалық зерттеу түрлерін ұйымдастыру мен мектептегі жоба жұмыстарын жүргізу тақырыбы негізінде өтті. Семинарға мектеп басшысы Жакупов Ерлан Жақсыбекұлының ұйымдастыруымен облыстан оқытушы тренерлер педагогика-психология магистры Нугербаев Төлеген Какимович және Жүнісова Фарида Үмітжановна дәріс берді. Ұйымдастырушы жетекші мектеп ретінде серіктес мектептерден ұстаздар шақырылды. Көрші мектептерден біршама ұстаздар қатысып, жаңаша мәліметтер алды. Семинар барысында мектебіміздегі "Геймификациямен оқуға құштарлық" тақырыбында өтіп жатқан жоба жұмысымен қатысушыларға таныстырылым болды. Семинарға ауданнан әдіскер Мусина Айнур Далабаевнада қатысып, өз ойын, пікірін ортаға салды. Мектебіміз жоба жұмысын таныстыруда көрме, презентация ұйымдастырды. Мектебімізді қолдап, көмек көрсетіп келген тренерлерге үлкен алғысымызды білдіреміз. Білім беруде, жалпы педагогикалық жүйені мақсатты түрде жаңарту-білім берудегі үлкен жетістіктердің бірі.Жаңаша инновациялық тәсілдер қолдану- ұстаздардың шығармашылық жағынан дамуларына әкелетіні сөзсіз. Осындай тақырыптағы семинарлар,дәрістер ұстаздарға үлкен көмек көрсетуде деп ойлаймыз.

Просмотров: 3223


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст