Жарылкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде политехникалық әдістеме бірлестігі "Білімнің ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл табыстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсеткіші" тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинар мақсаты: • Мұғалімнің кәсіби шеберлігінің шыңдалып өсуіне,жанжақты жетілуіне бағыт-бағдар беру, жағдай жасау;
• Жан-жақты дамыған, өзіндік танымдық дағдылары қалыптасқан, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу жұмысының озық әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану.
Семинарға аудан білім бөлімінің әдіскері Абенов Мұрат Шотбаевич және серіктес мектептерінің дене шынықтыру, музыка пәндерінің мұғалімдері қатысты. Семинарда дене шынықтыру пән мұғалімдері Исхан Қажымұрат 3 "А" сынып "Шахмат ойыны" , Койтанов Мурат Кайыржанович 6 "А" сынып "Футбол әдіс - тәсілдерін үйрену" , Искаков Абильмансур Айболович 5 "А" сынып "Қазақ халықтарының музыкасы" тақырыбында ашық сабақтар өткізілді. Ашық сабақтарда геймификацияның ойын әдістері мен рөльдік ойындар арқылы ұйымдастырылды. Жургембаев Жанболат Кудайбергенович "Оқушылардың спортқа қызығушылығын қалай арттырамыз?" тақырыбында коучинг өткізді. Семинар өз деңгейінде өтті. Семинарда ашық сабақ, коучинг өткізген пән мұғалімдері аудан білім бөлімінің сертификаттарымен марапатталды.