Текст
Мектебімізде 1 мамыр Қазақстан Республикасының халықтарының бірлігі күніне орай Жас Ұлан ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті. Мақсаты: белсенді, өз елінің патриоты, еліне адал, жеріне қорған болатын ұрпақ тәрбиелеу. Жиынға мектеп әкімшілігі, мектеп ұстаздары, ата-аналар қатысып ,өз тілектерін білдірді.