Білім беруде ойын түрлерін қолдану оқушылар бойында пәнге деген қызығушылықты оятатыны сөзсіз. Қазіргі таңда оқу жүйесінде геймификация (ойын түріндегі сабақ) білім алушылардың сабаққа, білімге деген ынтасын көтеретін құрал. Осыған орай біздің мектебімізде "Геймификациямен оқуға құштарлық" жобасы өтуде. Ұстаздар осы бағытта ойын сабақтарын пәнаралық байланыспен өткізуде. 5"А"сыныбында қазақ әдебиетінен қазақ тілі мұғалімі Тулебаева Нұргүл Қойшықызы Нұрдәулет Ақыштың "Нағыз әже қайда?" атты әңгімесі бойынша ойын сабағын өткізді. Сабақ барысында ойын элементтерімен қоса, әңгіме кейіпкерлері бойынша оқушылар рөлдік көрініс көрсете білді. Сабақ өте қызықты өтті . Әдебиет сабағынан бастау алған бұл тақырып математика, музыка, еңбекке баулу сабақтарында жалғасын тапты.