Еңбек – қуаныш,
жалқаулық – айырылмас азап,
Абай
Мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін
кеңейту. Міндеттері:
— еңбектің адам
өміріндегі мәні туралы түсінік беру;
— еңбек етуге
қызығушылықтарын дамыту;
— еңбексүйгіштікке
тәрбиелеу;
Көрнекі
құралдар: сюжетті суреттер,
қағаздан қиылған жүректер, дәптер, оқулық. Шаттық шеңбері:
Амандасу.
Үлкенге де «Сіз»,
Кішіге
де «Сіз».
Бар адамға құрметпен,Бас иеміз біз.
—
Балалар кәне енді бүгінгі сабағымызда бір – бірімізге тілектерімізді айтып
шығайық. Әңгімелесу:
·
Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
·
Еңбекқор деп қандай адамды атаймыз?
·
Өздерің еңбектің қандай түрлерімен
айналысқанды ұнатасыңдар?
·
Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не
қажет деп ойлайсыңдар? Тапсырма
Суреттерге қарап, еңбектің түрлерін анықтау Мәтінмен жұмыс Б.Әділов «Еңбексіз өмір — сүреңсіз»
мысал әңгіме
·
Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?
·
Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?
·
«Еңбексіз өмір – сүреңсіз» дегенді
өздерің қалай түсінесіңдер?
Дәйексөз
Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас
азап.(Абай) -Нақыл
сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
-Қандай еңбек туралы мақал –мәтелдер білесіңдер? Ердің
атын еңбек шығарады
.Еңбек етсең ерінбей,
Тояды
қарның тіленбей.
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың
жаны тәтті.
·
Көз – қорқақ, қол – батыр.
·
Еңбексіз өмір жоқ,
Ауырсыз жеңіл жоқ.
Еңбек түбі – зейнет.
Сахналау:«Қайдан келдің, бауырсақ?» Ө. Тұрманжано
Автор:Дастарханда шашылып
Жатты аппақ бауырсақ
Бауырсаққа қызығып
Қарап тұрып көзін сап.
Қуыршақ:
-Қайдан келдін
бауырсақ?
Бауырсақ:
-Дүкеннен келдім
нан сатқан.
Қуыршақ:
Дүкенге келдің қай
жақтан?
Бауырсақ:
-Наубайдан келдім
нан жапқан
Қуыршақ:
-Наубайға келдің
қай жақтан?
Бауырсақ:
Диірменнен келдім
ұн тартқан.
Қуыршақ:
-Диірменге келдің
қай жақтан?
Бауырсақ:
Даладан келдім
жан-жақтан.
Жер-анам менің көсілген
Дихандар мені
өсірген.
Нан
дастарқанға қалай келеді? деген сұрақ аясында еңбектің адам өміріндегі
маңызы туралы әңгімелету.
Үйге тапсырма:
Дәптермен жұмыс
«Еңбек – бақыт бастауы» әңгіме жазу
Бүгінгі сабақта
алған әсерлеріңді, тілектеріңді мына қағаз жүректерге жазыңдар Жүректен жүрекке
Шеңберге тұрып, бір – біріне жазған тілектерін оқыту..