"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жарлыкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Жарлыколь отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлеуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

03.03.2017

                                                                           №25

Красноярка орта мектебінде

                                                                       

«1Наурыз-Алғыс айту»күніне орай

                                                                                 

8 «А» сыныбында өткен

                                                                                            

 Тәрбие сағаты

                      1-Наурыз алғыс айту күні    

    Бүгін – рақмет айту  күні. Күннің

халықаралық дәрежесі жоқ, мұны АҚШ және Канада халықтары қараша айының әрбір

төртінші бейсенбісінде атап өтеді. 

Америкалық бақытты отбасылар дастарқан басына жиналып атап өткен.

Алайда, бұл мереке дастарқанмен ғана шектелмейді. Мерекені адамдар тек қана

әрбір күн сайын не үшін рақмет айту керек екендігін ойланады. Атаулы күн алғаш

рет 1621 жылы ағылшындық колонистердің бастамасымен тойланған. Қыс мезгілі өте

ауыр болып, адамдар аштыққа ұшырағандықтан губернатор Уильям Брэдфорд қол

астындағылардың көңіл-күйін көтеру үшін Алғыс айту күнін белгілейді. Айналадағы

басқа да көршілер бұл дәстүрді жылы қабылдап, қаһарлы қысты аман-есен өткереді.

 1789 жылы Джордж Вашингтон Рақмет айту

күнін "Ұлттық мереке" деп жариялайды. Бұл күні барлық отбасы міндетті

түрде дастарқан басына жиналып, туыстарына жақсылық жасауға асығады, жақындарын

қуанту үшін түрлі тосын сыйлар ойлап табады. Қаладағы метроларда ерекше

үстелдер орнатылып, адамдар ақша, азық-түліктерін қайырымдылыққа әкеліп қояды.

ХVІІ ғасырдан келе жатқан әр түрлі киімдерді киген тұрғындар шеруге шығып,

думанды кештер ұйымдастырады. Дегенмен, жылдың бір күнінде не үшін рақмет айту

керек екенімізді ойлана жүрсек артық етпейтін секілді. Көптеген адамдар

материалдық жағынан толық қамтамасыз етілген болса да, алғыс айта білмегені

үшін рухани кедей болып қалып жатады. Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді

бірге құрайық! Бастысы – алғыс айта білу... Анаға – өмір сыйлағаны үшін, Әкеге

– қорған болғаны үшін, Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін, Сөзге – жанды

жылытатыны үшін, Күнге – шуағы мен назары үшін, Жұлдызға – қараңғы түндегі

жарығы үшін, Досқа – құшағы мен иығы үшін, Әжеге – ыстық алақаны үшін, Суға –

тіршілік көзі болғаны үшін, Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін, Отқа –

жылулығы үшін...,Ұстазға – білім бергені үшін,алғаш әліппені үйреткені үшін көп

Рахмет!

Оқушылар өз

ойларын «5 күнге,5сұрақ»әдісі арқылы сурет салып кімге алғыс айту керектігін

тізіп жазып, постер қорғады.

                           Рахметке лайықты кімдер???

Оқушылар тізімі:

1.Отбасына

рахмет.2.Ұстаздарға рахмет.3.Елбасына рахмет.4.Достарыма рахмет.5.Туыстарыма

рахмет.

     Қорытынды: Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік

және өзге де мерекелер туралы» ҚР Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827

Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Кәсіптік және өзге де мерекелер

тізімінде 1 наурыз – Алғыс айту күні, Сәуірдің бірінші жексенбісі – Геолог күні

болып белгіленгенді. Естеріңізге салсақ, 2015 жылдың сәуір айында өткен

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлеген

Елбасы халықтардың түгелдей жер аударылғанын еске алған еді. «Сталин режмимінде

әр жылы өздеріңіз білетіндей халықтар түгел жер аударылды. Оларды вагондардан

ауылдарға тастап кете берді. Олардың еш дүниесі болғанжоқ. Сол уақытта бұл

далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар,

қазақ отбасылары ғана өмір сүрді»,– дей келе Президент жыл сайын елімізде Алғыс

білдіру күнін атап өтуді ұсынған болатын. «Қазақстан халқы Ассамблеясының

құрылған күнінде – 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады – барлық ұлттың

бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс

айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді,– деген еді Мемлекет басшысы

Н.Назарбаев. Сондай-ақ, «Ол күн барша қазақстандықтың бір-біріне мейірімділік,

достық және махаббат білдірудің жарқын мерекесіне айналар еді»,– деп санайды

Елбасы.

                                                    

Өткізген сынып жетекші: Кайрбекова С.А.

Просмотров: 541


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст