«ЖасҰлан» өзін-өзі басқару ұйымының ұландары
оқу жылының қыркүйек айынан бастап
барлық мектеп іс-шараларына белсене қатысты.Оқу жылының басында «Жас ұлан»
ұйымының ұландар отырысы болып,1-7сыныптарға тәлімгерлер бекітілді. Тәлімгерлерге
өз міндеттері жайлы түсіндіріліп,қоғамдық тапсырмалар бекітілді. Мектеп
іс-шараларына барлық оқушылар ат салысты.Оның ішінде «Алғашқы қоңырау»,
денсаулық фестивалі «Мықты денсаулық-мықты ел» іс-шараларына қыркүйек айында
ұландар өз көмектерін көрсетті. Қазан айында «Қарттарым-қазынам» қарт адамдарды
әлеуметтік қолдау көрсету,мектептегі ұстаздарды құттықтау «Ұстаз-мектептің
жүрегі» атты мерекелік концерт ұйымдастырылып, өткізілді. Мерекелерде
мектебіміздің өнерлі оқушылары белсене қатысып,өз өнерлерін паш етті.Мерекелік
іс-шара «Алтын күз мерекесі»5-7сынып аралығында «Күз аруы-2017»байқауы
өткізілд.Мектеп бойынша барлық оқушылардың күнделіктері тексеріліп, ұсыныстар
айтылды. «Үздік күнделік» сайысы 1-11 сынып аралығында тексеріліп,марапатталды.