Текст
Красноярка орта мектебінің ұстаздары 9-қаңтардағы кешкі уақытта Елбасының дәстүрлі жолдауын тыңдады. Елбасымыз жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауына қатысты мәлімдемесінде, Қазақстанның әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алғанын айтты. Еліміздің 2050 - ші жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асырылып, Жүз нақты қадам Ұлт жоспары аясында реформалар жүргізіліп жатқанын айтты. Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде екенін «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданғанын айтты.