Текст
17 -наурыз күні Жарлыкөл орта мектебінде 5-11 сыныптардың қатысуымен “Құтты болсын, Әз - Наурыз” тақырыбында Наурыз мерекесі ерекше аталып өтті. Оқушыларымыз жаңару күніне мерекелік шара ұйымдастырып, салт-дәстүрімізді терең меңгергенін көрсетті. Мектептегі өнерлі өрендер ән мен жырдан шашу шашты. Әр сынып мерекелік көңіл-күй сыйлап, ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлерді көрсетіп, қазақы ойындарымыз да назардан тыс қалмады.
Наурыз мерекесі барлық көрерменге жақсы көңіл-күй сыйлап, мереке жақсы деңгейде өтті.