Текст
25 қаңтар күні Жарлыкөл орта мектебінде гуманитарлық пәндер апталығына орай аудандық семинар өтті. Семинардың тақырыбы: “Білім берудің сапасы: білім беру мазмұнын жаңартуда ұлттық құндылықтарды іске асыру жағдайындағы жаңа тиімді әдіс-тәсілдер”. Семинарға Аудандық білім бөлімі әдіскерлері мен көршілес орналасқан мектептердің мұғалімдері тәжірибе алмасу мақсатында қатысып, семинар сабақтарын оң нәтиже деп бағалап, өз пікірлерімен бөлісті. Семинарда қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімдері: Танырбергенова Р.Б. Тишыбайева Б.Қ. Абдрахманова А.Ж. , орыс тілі пәнінің мұғалімі Газизова Г.Б., ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Туғанбаев Т.Қ. ашық сабақтар өткізіп, өз іс- тәжірбиелерімен бөлісті. Семинар жақсы деңгейде өтті.