14—17 қараша аралығында мектебімізде "Lesson Stady" зерттеу сабақтары өтті. Мұғалімнің кәсіби тәжірибесін жетілдіруде және оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын оятып, білім сапасын арттыруда осы зерттеу сабағын тәжірибеге енгізсек, сыныптағы өзекті мәселе өз шешуін табады деген мақсатпен осы зерттеу сабақтарын ұйымдастырдық. Зерттеуге алынған 6~А сынып оқушыларымен тізбектелген негізгі сабақтар қазақ тілі, математмка, орыс тілі, география пәндері өтті. Әр сабақты топ мүшелері біреге отырып жоспарлап, оқушылардың қажеттіліктеріне қарай белсенді әдіс—тәсілдерді қолдануға тырысты. Сабақтар қызықты өтті. Бірігіп, жұмыла жасалған бұл әдіс тиімді болды деп ойлаймыз. Қорыта келе, 6"А"сынып оқушыларына пән сабақтарында қолданатын белсенді әдіс тәсілдер мектебіміздің әдістеме жинағына енгізілді. Зерттеу сабағын мектебімізде ұйымдастырған мектептің оқу ісінің меңгерушісі координатор Көбегенова С. Қ және мектеп тренері Тулебаева Н. Қ