"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жарлыкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Жарлыколь отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлеуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесін жетілдіру, жаңарту арқылы білім сапасын арттыру, оқытуда инновациялық технологияларды қолдана отырып, оқушылардың білім деңгейін көтеру

01.12.2022

30.11.2022 жылы Жарлыкөл жалпы орта мектебінде серіктес  мектептермен біріге математика—жаратылыстану бағыты бойынша аймақтық семинар өтті. Тақырыбы: Жаратылыстану  пәндерін оқыту әдістемесін жетілдіру, жаңарту арқылы білім сапасын арттыру, оқытуда инновациялық  технологияларды қолдана отырып, оқушылардың білім деңгейін көтеру. 
Мақсаты: Жан-жақты дамыған, өзіндік шығармашылық қабілеттері дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуде озық технологияларды, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану. 
Семинарға серіктес мектептерден ұстаздар келіп қатысты.Семинар мектеп психологы Мурат Диана Оралбайқызының тренингімен басталды. Ұстаздар сабақтарында оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын артатын озық  заманауи технологиялардың әдіс-тәсілдерін,ойын платформаларын қолданып үлгілі сабақтарын көрсете білді. Биология және химия пәнінің мұғалімі Иманбаева Ш. Т, математика пәнінің мұғалімі Бесжанова Н. К, Жалғызқұдық  ЖОББ мектебінің  биология пәнінің мұғалімі Бакенова Г. Т, биология пәнінің мұғалімі Көбегенова С. Қ, информатика пәнінің мұғалімі Маратхан Жамбыл  сабақтарында озық технология әдістерін көрсетіп, оқушылардың  сабаққа деген белсенділіктерін артты. Семинар мектеп тренері Тулебаева Н. Қ "Жаңаша оқыту-жетістік көзі" тақырыбындағы коучингпен аяқталды. Семинар өз дәрежесінде өтті. Келген серіктес мектептің ұстаздарына рахмет айтамыз.

Просмотров: 370


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст