Текст
Қазанның 21күні Жарлыкөл жалпы білім беретін орта мектебінде "Жарқын болашақ" дебат клубының ұйымдастыруымен 25қазан Республика күніне арналған "Қазақстан жастары отансүйгіш, өз елінің патриоты тақырыбында" 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен дебат турнирі өткізілді. Мақсаты: Қазақ жастарын өз тілін құрметтеп, өз елінің патриоты болуға баулу. Сайыс барысында оқушылар өз ойларын айтып, өз аргументтерін қорғап шығуға тырысты. Дебат соңында тəрбие ісінің меңгерушісі Жүргембаев Ж.Қ. ойын жайында өз пікірін білдіріп, алдағы уақытта оқушыларға сəттілік тіледі.