Текст
21.09.2022
Тілдер мерекесіне орай бастауыш сыныптары да белсенді қатысуда. 15.09 бастауыш сыныпта жиын болды. Зал безендіріліп, қойылымға декорациялар жасалды. Оқушылар Ахмет Байтұрсынов туралы біраз мәліметтер, тақпақтар айтты. Ән шашу, флешмоб биледі. Әр сынып Ахмет Байтұрсыновтың мысалдарын қойылым ретінде көрсетті. Атақты билердің сөздерінен тіл туралы айтылған нақыл сөздерін жатқа айта білді.