17.02.2025 жылы Жарлыкөл ауылының жалпы орта мектебінде «Жас маман-2025» байқауы өтті
2025 жылдың 17 ақпан күні Жарлыкөл ауылының жалпы орта мектебінде серіктес мектептер арасында «Жас маман-2025» атты байқау өткізілді. «Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз» тақырыбында өткен байқаудың негізгі мақсаты — жас мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін шыңдау, өзара тәжірибе алмасу және бірлесе отырып шығармашылық жұмыс істеуге бағыттау. Сонымен қатар, байқаудың мақсаты мектептегі ең үздік мұғалімдер тобын анықтау болды.
Байқау үш кезеңнен тұрды: таныстыру, сабақ беру және эссе жазу. Әр кезеңде қатысушылар өздерінің педагогикалық шеберліктерін, шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Байқауға серіктес мектептерден келген жас мамандар белсенді түрде қатысты, өз білімдерін, дағдыларын ортаға салып, ұстаздық қызметтің әртүрлі қырларын паш етті.
Байқау жеңімпаздары:
1. І орын — Жалғызқұдық орта мектебінің ағылшын пәнінің мұғалімі Абай А.Б.
2. ІІ орын — Жалғызқұдық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нұртазина Д.К.
3. ІІІ орын — Мәншүк орта мектебінің ағылшын тілінің мұғалімі Аманжол А.С.
Қалған қатысушылар сертификатпен марапатталды.