№25 Красноярка
орта мектебінің
Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы
ХАТТАМА №1
Красноярка орта мектебі.
«16» мамыр 2018 жыл
Қамқоршылық кеңесінің жиналысы
Төреғасының аты-жөні: Дунаева Фазия
Хатгшының аты жөні: Макижанова Фатима
Қатысқандар: 84 адам
Күн тәртібінде:
1.
Қамқоршылық
кеңесінің құрамын бекіту, міндеттерін бөлу.
2.
Қамқоршылық
кеңестің 2017-2018 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша
№25 Красноярка орта мектебінің директоры Жакупов Ерлан Жақсыбекұлы сөз алып,
мектептің оқу тәрбие үрдісі мен материалды – техникалық базасын жетілдіруде
қамқоршылық кеңестің маңызды рөл атқаратынына тоқталып, қамқоршылық кеңесін
құрудың маңыздылығын атап көрсетті. Сондай-ақ қамқоршылық кеңеске мүшелікке
шақырылған азаматтарға мектепке жанашырлық танытып жүргендері үшін алғыс
білдіріп, қатысып отырғандар ішінен төреғасын және хатшы тағайындау қажеттігін
айтты.
Сөйледі:
Осы
мәселе бойынша екінші болып сөз алған мектеп
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тулебаева Замзагуль Қойшықызы
отырғандарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 27.07.2017ж.
Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау
тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту
туралы №355 бұйрығымен таныстырды.
Отырысқа
қатысушылар аздаған талқылаудан соң кеңес төрағалығына үміткерлерді дауысқа
салды. Ал кеңес хатшысы ретінде бірауыздан 10 «А» сыныбының ата-анасы осы
мектептің мұғалімі Иманбаева Ш.Т
бекітті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша
төреғалыққа ұсынылған Дунаева Фазия
2017-2018 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын құруда мектептің өз деңгейінде
дамуы үшін атқарылуы тиіс іс-шараларды бекітуде мектеп директорымен ақылдасудың
маңыздылығын айтып, сөз кезегін мектеп директорына берді. Ерлан
Жақсыбекұлы өз кезегінде кеңес мүшелерін
биылғы жылы мектеп үшін атқарылуы тиіс іс-шаралармен таныстырды. Жоғарыда айтылған жағдайларды
ескере отырып, кеңес мүшелері жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекітті.
Қаулы:
1.
Қамқоршылық
кеңесінің құрамын бекітіліп, міндеттері бөлінсін.
Құрамы:
1.
Абдикалыков
Бауыржан
2.
Нуртазина
Гульзира Карибаевна
3.
Жайлаубаева
Абиба
4.
Хашабай
Дүйсен
2. Қамқоршылық кеңестің 2017-2018 оқу жылына арналған жұмыс
жоспа
3. ры бекітіліп,іске асырылсын.
Төреғасы: Дунаева Фазиля
Хатшы: Макижанова Фатима.