Ақпарат.
Қазақстан Республикасының халықтарының Тілдер мерекесіне кітапханада «Тіл – ұлттық белгі халықтық мұра» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: тіл арқылы қазақ халқының тарихымен, салт-дәстүрмен оқушыларды таныстыру, тілге деген құрметтерін арттыру, өзге ұлттардың мәдениетін және ерекшеліктерін біліп таныту, тілдің қоғамдағы атқаратын рөлін ұғындыру
«Ұлы даланың Ұлы ұстазы» атты Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған танымдық сағат өтті.
Мақсаты: Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру.
Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.
Кітапханашы: Абакаева С 2021-022 оқу жылы
Ақпарат.
Ұстаздар күніне оқушылар тарапынан құттықтау видео ролик жасалды
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Бірлесіп кітап оқимыз" кітап оқу уақыты.Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында кітапханада ертегілер,жұмбақтар оқыды.
Қ.Аманжоловтың 110 жылдығына «Қыран қанатты ақын Қ.Аманжолов» сөре ұйымдастырылды. Сөреге Қ.Аманжоловтың «Дауыл», «Дариға сол қыз» атты кітаптары қойылды.Сонымен қатар 6 «а» сыныбында ақпарттық сағат өтті.Оқушыларға ақынның өмірбаяны туралы бейнебаян көрсетілді. Оқушылар өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.
Кітапханашы: Абакаева С.
2021- 2022 оқу жылы