Текст
Міне, қырғын соғыстың біткеніне де биыл 74 жыл толды. Сол соғыстың куәгері Лариса Викторовна әжей – біздің ауылдың тұрғыны. Ол кісінің жасы тоқсаннан асқанмен жүрісі әлі де болса ширақ. Бүгінде екі немересінен сегіз шөбере сүйіп отырған бақытты әже.
Лариса әжей тылда болса да, соғыстың ауыртпалығын басынан аяғына дейін кешкен. Ол кісінін төрт ағасы соғыста шейіт болған. Өзі болса тылда ауыр жұмыстар атқарған.
Мереке қарсанында 8 «Б» сынып оқушылары Лариса Викторовнаны құттықтауға келді. Ол кісіге сыйлық ұсынып, әңгімесін тыңдады.